Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 27.05.2021
ҚАЗАҚСТАНДА ОРАМ ҚАЛДЫҚТАРЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ
Кәсіпорынның талап етілетін қуаты-кемінде 10 мың тонна құрамдастырылған қаптаманы кәдеге жарату және қаптама құрамына кіретін құрамында целлюлоза бар материалдардан дайын өнімді шығару (кемінде 90%).
Қаптаманың композиттік материалының құрамында 75% - ы картонға, 20% - ы пластикке, 5% - ы алюминийге тиесілі. Қаптаманың шамамен 75% құрайтын Целлюлоза құнды ресурс болып табылады және оны қайта өңдеу керек.
Қазақстанда құрамдастырылған қаптама қалдықтарының пайда болу көлемі жылына 20 мың тоннадан асады. Осы қаптамадағы қалдықтарды жинау және өңдеу бойынша кәсіпорындардың болмауына байланысты қалдықтардың осы түрінің барлық көлемі қоқыс полигондарында көміледі. Құрамдастырылған қаптаманы қайта өңдеу бойынша бірінші объектінің құрылысы ағымдағы жағдайды өзгертуге мүмкіндік береді.
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты