Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 30.05.2021
ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА КЛИМАТ САММИТІ БАСТАЛДЫ
Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин 30 мамыр, жексенбіде климат саммитін ашты. Екі күндік іс-шара Мемлекет және үкімет басшыларының, сондай-ақ халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен онлайн-форматта өтуде. Басты тақырып - климат жөніндегі Париж келісімінің міндеттерін іске асыру мақсатында жеке компаниялар мен мемлекеттік сектордың ынтымақтастығы.
Оңтүстік Корея дамушы және дамыған мемлекеттер арасында климатты қорғау ісінде көпір болуға ниетті. Германия канцлері Ангела Меркель елдерді қазба энергия көздеріне тәуелділікті жоюға шақырды. «Климаттың өзгеруі адам өмірі мен экономикасына COVID-19 пандемиясымен бірдей қауіп төндіреді,» - деді ол.
Өз кезегінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш климатты қорғау саласында жаңа мақсаттарды әзірлеу қажеттілігін ерекше атап өтті. Ол парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша, елдердің орындалған міндеттері мен міндеттемелері арасындағы айырмашылықтарды атап өтті.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты