Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 30.05.2021
ЭКОЛОГИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ С.ҚОЖАНИЯЗОВ ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ БІРНЕШЕ МИНИСТІРЛІКТЕРІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ
2021 жылғы 28 мамырда Бішкек қаласында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов Қырғызстанның бірнеше министрліктерінің басшылығымен кездесті.
Осы жылдың наурыз айында Қазақстан мемлекет басшылары деңгейіндегі уағдаластыққа сәйкес, ағымдағы жылы Қырғызстанға 900 млн.кВт/сағ электр энергиясын жеткізеді. Бұл ретте Қырғызстан таяудағы үш жылдың үш жаз айы ішінде осы көлемнен 300 млн.кВт/сағ электр энергиясын қайтаруға және Тоқтоғұл су қоймасынан 330 млн. текше м-ден, яғни жыл сайын маусым-тамыз аралығында, қоса алғанда 2023 жылға дейін қосымша су жіберуді жүзеге асыруға тиіс. Кестеге сәйкес қайтару 2021 жылдың 1 маусымынан басталады.
Тараптар осы жылдың маусым айында, Қырғыз тарапы Қазақстанға 70 млн.кВт/сағ электр энергиясын қайтарып, Тоқтоғұл су қоймасынан 77 млн. текше метр көлемде қосымша су жіберуді жүзеге асыратынын келісті.
барлық дауыс: 5542
дауыс мұрағаты