Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 31.05.2021
ӘРҚАШАН ТУЫСТАРЫҢЫЗ БЕН ДОСТАРЫҢЫЗҒА ҚАМҚОР БОЛЫҢЫЗ
Күнделікті өмірде біз өміріміздегі ең бастысы – жақын адамдарымыз екенін жиі ұмытып кетеміз. Олар бізді ешқандай қайтарымсыз жақсы көреді. Олар сізде уақыт болғанша күтуге дайын. Бірақ сіз кешігіп қалуыңыз мүмкін. Сондықтан, уақытында жақсылық жасауға тырысыңыз.
Күн сайын отбасыңыз бен жақындарыңызға кем дегенде бір жағымды нәрсе жасауға әрекет жасаңыз. Ата-анаңызға қоңырау шалыңыз, әйеліңізге гүл сыйлаңыз, балалармен серуендеңіз, досыңызға хат жазыңыз немесе жақын адамдарыңызбен бірге уақыт өткізіңіз.
Біз адамдарды жақсы көрсек, жақсылық жасасақ, кем дегенде күлімсіресек, міндетті түрде ол қайтады. Себебі, "Өмір бумеранг тәрізді" деп бекер айтылмаған.
Бұл істердің әрқайсысы көп күш жұмсауды қажет етпейді. Күн сайын, осы пайдалы кеңестерді орындаңыз. Бұл сіздің күш-жігеріңіз және сіздің өміріңізде үйлесімділік тудырады.
барлық дауыс: 5153
дауыс мұрағаты