Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 02.06.2021
СУ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ
Су-адамдар үшін ең құнды өнім. Біздің ағзамыз 60-70% судан тұрады. Ол ағзадағы барлық физика-химиялық процестерге қатысады.
ҚР-да ауыз судың сапасына қойылатын талаптар ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.03.2015 жылғы № 209 бұйрығымен бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су бұру орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" болып белгіленген.
Жер асты сулары ең қауіпсіз болып табылады. Шымкент қаласының сумен жабдықтау көзі-Ақбай-Қарасу су қабылдағышының жерасты ұңғымалары, олардың тереңдігі 75-80 м. Халықтың 97,6% сапалы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, 2,3% құбырлы құдықтардан су алады, 0,1% тасымалданатын суды пайдаланады.
барлық дауыс: 5662
дауыс мұрағаты