Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 03.06.2021
ҚҰБЫРДАҒЫ СУДЫҢ САПАСЫ
Күн сайын адам суды ішу, тамақ дайындау, денені таза ұстау, үйді тазарту және суару үшін пайдаланады. Ауыз су эпидимиологиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және қолайлы органолептикалық қасиеттерге ие болуы тиіс.
Шымкент қаласының санитарлық қызметі ай сайын халыққа берілетін су құбыры суының сапасына мониторинг жүргізеді. Қаланың таратушы су құбыры желілерінде 111 бақылау нүктелері бар, олардың ішінен зертханалық зерттеулерге су алынады. 2021 жылдың бірінші тоқсанында бактериологиялық зерттеулерге су құбыры суының 162 сынамасы алынды. Санитарлық нормалар талаптарына жауап бермейтін сынамалар жоқ. Санитарлық-химиялық зерттеулерге 11 су сынамасы алынды, санитарлық нормаларға жауап бермейтін сынамалар жоқ.
Өткен кезеңде қала бойынша, су факторымен байланысты жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты