Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 06.06.2021
СУ ӨЛШЕГІШТЕРГЕ АРНАЛҒАН КАМЕРАЛАР
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС тапсырысы бойынша мердігер мекемелер суды есепке алу құралдарын арнайы бөлінген жерлерден жерасты камераларына көшіру жұмыстарын бастады. Жұмыстар 3 және одан да көп жәшіктер орнатылған учаскелерде жүргізіледі. Осындай бірнеше түйіндер іске қосылды, басқалары пайдалануға беруге дайындалуда. Осылайша, суды есепке алу құралдарын жылыжерде сақтау сияқты мәселелері шешіліп қана қоймай, қала көшелерінің сыртқы келбеті де жақсарады.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС өз қаражаты есебінен су өлшегіштерді жерасты камераларына көшіру жұмыстарын бастады. Бұл қала көшелерінің сыртқы келбетін жақсарту, жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болу үшін жасалады. Кәсіпорынды көшіру бойынша барлық шығындарды өз қаражатынан қаржыландырады. Биыл біз 50-60 жерасты камерасына көшіруді жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС су ресурстары инспекциясының басшысы Асетулла Аширимбет.
барлық дауыс: 5075
дауыс мұрағаты