Жаңалық - Микс
новость от 07.06.2021
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА АРТ-НЫСАН – ҚҰМ САЛЫНҒАН ҮЙ ПАЙДА БОЛДЫ
Сексеуіл - Қазақстан шөлдері мен даласының символы. Біздің еліміз сексеуіл өсетін алқап аумағы бойынша әлемде бірінші орын алады - шамамен 6,7 млн.га. Ол ҚР экожүйесін сақтауда маңызды рөл атқарады және көптеген жабайы жануарлар мен өсімдіктердің мекендейтін орны болып табылады. Сексеуіл ормандарын жоғалту орны толмас зардаптарға әкеп соқтырады, олардың ең бастысы — шөлейттену. Сексеуілді заңсыз кесуден қорғап қана қоймай, оны сақтаудың маңыздылығы туралы халықты хабардар ету қажет.
Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орай жыл сайынғы "Сексеуілді сақтайық" ұлттық науқаны аясында Түркістанда "төрт тонна құм" арт-инсталляциясы пайда болды, ол жартылай құммен көмілген үй.
"Көмілген үй" сексеуілді кесу салдарынан ауылдарға жақындап келе жатқан құмды көрсетеді. Арт-объект үшін төрт тонна құмды пайдалану символдық сипатқа ие, өйткені оның күшті тамырлары бар бір сексеуіл ағашы дәл осындай құмды ұстап, жерді тұзды батпақтар мен шөлге айналудан сақтай алады.
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты