Жаңалық - Микс
новость от 08.06.2021
СЕКСЕУІЛДІҢ БІР БҰТАСЫ ТӨРТ ТОННАҒА ДЕЙІН ҚҰМ ҰСТАЙ АЛАДЫ
Арал теңізінің құрғаған түбінде орман өсіру. Мұндай міндетті қызылордалық экологтар мен ғалымдар алға қояды. Өңірде 5 жылдық бағдарлама жүзеге асырыла бастады, оның аясында теңіз түбіне 180 миллион сексеуіл көшетін отырғызу жоспарлануда. Бұл жұмыстар жерді тұздану мен шөлейттенуден сақтап қана қоймай, құмдардың қозғалысы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сексеуілдің тамыр алуы оңай, тұзды сіңіреді және суаруды қажет етпейді. Сексеуіл-Арал өңірінің экологиясын сауықтырудың басты ингредиенттерінің бірі. Бірегей өсімдіктің бір бұтасы 4 тоннаға дейін құмды ұстай алады. Сексеуіл жергілікті орман питомнигінде өсіріледі. Қазір олардың аумағы 5 есеге ұлғайтылмақ. 22 гектардан 100 –ге дейін. Өңірде қабылданған 5 жылдық бағдарламаға сәйкес, биыл Арал теңізінің құрғаған түбіне 11 миллион 300 мың сексеуіл көшеті, келесі жылы 41 миллион сексеуіл отырғызылады. Отырғызу материалы дайын болғанымен, жұмысқа қажетті техниканы әлі де сатып алу керек.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты