Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 10.06.2021
ХАЛЫҚПЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ
"Су ресурстары-Маркентинг" ЖШС әкімшілігі медиа-жоспарға сәйкес тұтынушылармен және жұртшылық өкілдерімен сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін ұсыну бойынша, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуде. Күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС нысандары бойынша, тоқсан сайынғы ақпараттық турды жұртшылық өкілдері үшін тұтынушылармен және қоғамшылдармен онлайн форматта кездесу өткізу туралы шешім қабылданды.
Кездесуге үй және көше комитеттерінің төрағалары қатысты. Facebook әлеуметтік желісінің пайдаланушылары өз сұрақтарын түсініктемелерде қоя алады. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС тарапынан қойылған сұрақтарға кәсіпорын бас директорының орынбасарлары: Ж.Тұрдалиев, Б. Ешімбетов, А. Зейнетаев, сондай-ақ бөлім басшылары жауап берді.
Жалпы 9 сұрақ түсті. Қала тұрғындарын неге Шымкенттің кейбір аудандарында крандарда сапалы емес су пайда болып, қысым төмендегені, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мен "Су құбыры мен кәрізді басқару" МКК арасындағы теңгерімдік тиесіліліктің бөлінуі, сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтің өзгеруі, кәріз желілеріне қосылу және чат-боттың жұмысы қызықтырды. Қала тұрғындары барлық сұрақтарына жауап алды. Онлайн кездесудің толық нұсқасын кәсіпорынның Facebook-тегі аккаунтынан көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, біздің кәсіпорын әрқашан тұтынушылармен байланыста. Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы, су құбыры және кәріз желілеріне байланысты проблемалар бойынша, "ВРМ" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне хабарласа аласыз, кез келген басқа мәселелер бойынша да бізбен байланыса аласыз. Тұтынушылармен жалпы мәселелер бойынша байланысуға арналған whatsapp нөмірі: +77057581111. Абоненттердің барлық өтініштері кәсіпорын басшылығының ерекше бақылауында.
барлық дауыс: 5075
дауыс мұрағаты