Жаңалық - Микс
новость от 14.06.2021
ТАҒАЙЫНДАУЛАР
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Президент Әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Рашид Аюпов тағайындалды.
Рашид Аюпов 1981 жылы Кентау қаласында туған.
Шымкент университеті, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті мен Академиялық инновациялық университетін бітірген. Информатика бакалавры, мемлекеттік басқару бакалавры, заңгер. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританияда Патшайым Марияның Лондон университетін (Queen Mary University of London) аяқтаған, мемлекеттік басқару магистрі.
Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында «Даулет» өндірістік кооперативінің инженер-операторы ретінде бастаған.
2019 жылдың шілде айынан бері Түркістан қаласының әкімі қызметін атқарып келген.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Президент Әкімшілігінің келісімімен, Түркістан қаласының әкімі болып Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы тағайындалды.
Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы Төлеби ауданында туған.
2000 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2005 ж. М.Дулати атындағы Тараз атындағы мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер-экономист.
Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастаған. 2020 жылдың мамырынан бастап Ордабасы ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Президент Әкімшілігінің келісімімен, Ордабасы ауданының әкімі лауазымына Бағлан Батыршаев тағайындалды.
Б.Батыршаев 1976 жылы Ордабасы ауданында туылған.
1999 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін инженер - экономист, 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану, 2014 жылы Алматы Менеджмент университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Тұрғын үй құрылыс банкінде менеджер болып бастаған. 2020-2021 жылдары "Түркістан облысы әкімдігінің іс басқармасы" мекемесінің басшысы қызметін атқарған.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты