Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 14.06.2021
КӘРІЗ ЖҮРГІЗУ
Биыл Шымкент қаласында 582 шақырым кәріз құбырлары тартылуда. Салынып жатқан 19 нысанның бесеуі биыл пайдалануға беріледі. Нәтижесінде кәрізге 18 мың халқы бар тұрғын үй алаптары қосылады. Осылайша, кәріз жүйесіне қосылу көрсеткіші 52% - дан 54% - ға дейін артады. Қазіргі уақытта "Тассай" және "Самал-3" шағын аудандарында кәріз құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны-2 244,8 млн.теңге. Ұзындығы 115,2 км кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі. "Самал-3" шағын ауданындағы құрылысты "Бурган-2005" мердігерлік ұйымы жүргізуде. Оның ұзындығы 37,3 км.
2025 жылға дейін кәріз жүйесіне қосылуды 75% - ға дейін жеткізу жоспарлануда. Айта кету керек, бүгінде қалалық тазарту құрылыстары толық қуатында жұмыс істеуде. Тұтынушылардың саны артып, қала өсіп келе жатқанын ескере отырып, жақын арада жаңа КТҚ (кәріз-тазарту станциясы) салу туралы сұрақ туындауы мүмкін.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты