Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 20.06.2021
АЛМАТЫДА КӨШЕТТЕР ҚУРАУДА
Алматыда өткен жылдың қараша айында отырғызылған жас ағаштар қурап жатыр. Олар суармалы судың жетіспеушілігінен өлуде. Өткен жылдың күзінде мегаполисте жергілікті билік жасыл аймақтар құра бастады. Сол уақытта, Алматы көшелерінің бойына 65 мың жас ағаш отырғызылды. Бірақ қазір, алты ай өткен соң, , олардың жартысынан көбі қурап қалды. Отырғызғаннан кейін, алғашқыда өсімдікке мұқият күтім жасау керек. Орташа алғанда, суару кезінде шамамен 40 литр суды жұмсау керек.
Жасыл экономика басқармасы, ағаштар кесте бойынша - аптасына бір рет суарылатынын мәлімдеп, қурап қалған ағаштардың орнына жаңаларын отырғызуға уәде берді.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты