Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.06.2021
"Көмешбұлақ" жаңа су құбыры құрылысы іске қосылуда
Шымкент қарқынды түрде кеңейіп, қаланың коммуналдық қызметтерге қажеттілігі де өсуде. Қаланың жаңа аудандарының тұрғындары ауыз суға қатысты проблемаларға тап болмауы үшін, сумен жабдықтау жүйесі жаңартылып, жаңа құрылымдық нысандар салынуда.
"Көмешбұлақ" су құбыры құрылысындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуда. Бұл маңызды нысан қаланың солтүстік және солтүстік-батыс бөлігіндегі тұрғын үй алаптарын ауыз сумен қамтамасыз етуі тиіс.
"Бас жоспарға сәйкес "Көмешбұлақ" су құбыры құрылысының жұмысы жүргізілуде. Осы нысанның арқасында Тұран, Шымсити және жартылай Бозарық елді мекендерінің тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Жалпы алғанда, су тұтынумен тағы 80 мың адам қамтылады. Бұл құрылыс тәулігіне 121 мың текше метр су өндіреді. Құрылысты аяқтап, пайдалануға беру, осы жылдың шілде айының соңына жоспарланып отыр", - деді, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Бұлан Тұрлыбеков.
Су құбыры құрылысы екі жинақтағыш-резервуардан тұрады (әрқайсысының көлемі 10 000 текше метр), екінші көтермелі сорғы станциясы, зарарсыздандыру станциясы, электролиздік және сіңіргіш сүзгілер кіреді. Аумақ абаттандырылып, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің стратегиялық объектісі ретінде периметр бойынша күзетпен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі уақытта, Шымкентті ауыз сумен қамтасыз етіп отырған Ақбай-Қарасу және ішінара Бадам-Сайрам су тартқыштары. Резервте тағы бірнеше су тартқыш құрылыстары бар.
барлық дауыс: 5536
дауыс мұрағаты