Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 23.06.2021
АРАЛ АУДАНЫ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІ ЕНГІЗІЛЕ МЕ?
Арал ауданында қысқы-көктемгі кезеңде қар мен жауын-шашынның аз болуына байланысты, құрғақшылық қалыптасқан.
Арал ауданында барлығы 69 су шаруашылығы объектісі бар. Оның ішінде 63 канал және 6 қорғаныс бөгеті. Бірінші кезекте аудан бойынша, 17 арнада жайылымдық және шабындық жерлерді тазарту жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта, суға 15 ұңғыма қазу жұмыстары жүргізілуде.
Бүкіл аумақ шөп өнімділігі бойынша үш санатқа бөлінді. Яғни қызыл, жасыл, сары. Қызыл аймаққа 13 елді мекен қосылды. Өйткені жайылымдар 90% - ға, ал сары аймақтың елді мекендерінде шөп 30-40% қураған. Жасыл түспен белгіленген елді мекендерде, тіпті қысқы күні де мал азықпен қамтамасыз етілуі мүмкін.
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты