Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 23.06.2021
БІРІНШІ ӨЗІ КЕЛІП, КЕЙІН ҚАЛҒАНДАРЫН ШАҚЫРДЫ
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Жас Қазақстан үшін өте күрделі болды: кәсіпорындар банкротқа ұшырады, жұмыссыздықтың күрт өсуі байқалды. Бірақ, сол жылдардағы барлық экономикалық қиындықтарға қарамастан, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС кәсіпорнының басшылығы кәсіби мамандардың негізін сақтай алды. Бүгінде, мұнда өз ісіне берілген ұйымшыл ұжым жұмыс істейді. Тіпті отбасылық әулеттер де бар.
Турдиевтер отбасы үшін - кәсіпорын туған үйіне айналды. Олардың барлығы тазарту қондырғыларында жұмыс істейді. Отбасынан бірінші болып, Фахриддин Турдиев келді. Бұл отыз жыл бұрын болды. Ұжыммен бірге, ол кәсіпорынның барлық қалыптасу жылдарынан өтті және бүгінгі күні атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен мақтана алады.
Мамура Тұрдиева 14 жылдан бері тазалаудың бірінші кезеңінде жұмыс істеп келеді. Жұмыс қиын — барлық қалалық кәріз ағындары осында келеді. Тазарту қондырғыларын модернизациялауға дейін, олар қолмен жұмыс істеді. Бірақ, бұл Мамура Туридиевті қорқытпады. Енді, бүкіл процесс толығымен автоматтандырылған: автоматты режимде жұмыс істейтін арнайы торлар қоқысты түбінен көтеріп, сүзгілерге жібереді, сол жерде кептіріліп, нығыздайды.
Әйелге Турдиевтер отбасының тағы бір мүшесі, тағылымдамадан өтіп, кәсіпорында жұмыс істеуге ниетті жас жиені көмектеседі. Ал, Мамура Файзуллақызы жігітті қолдап, оның таңдауына қуанады.
Турдиевтер отбасының тағы бір мүшесі — Фурхадпен танысыңыз. Ол қазандықта оператор болып жұмыс істейді. Мұнда биогаз немесе дизель отынын жағу арқылы жылу және электр энергиясы өндіріледі. Жұмыс зейінді қажет етеді. Құралдар көп және көрсеткіштер үнемі қадағалауды қажет етеді.
Турдиев өз жұмысы туралы қуана айтты. Олар кәріз ағындыларының қалай тазартылатыны туралы барлық кезеңін біледі және өз кәсіпорнын мақтан тұтады. Мақтануға тұрарлықтай жай - жүргізілген жаңғыртудан кейін, Шымкенттің тазарту құрылыстарының кешені Қазақстандағы ең заманауи болып саналды. Егер, болашақта кәсіпорында Турдиевтер көбейсе, ешкім таң қалмайтын сияқты.
барлық дауыс: 5075
дауыс мұрағаты