Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 24.06.2021
ТҮРКІСТАНДА "АҚЫЛДЫ" СУ ТҰТЫНУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛУДЕ
Түркістан аумағында суармалы су беруді реттеу үшін технологиялар енгізілуде және ирригациялық жүйелер жаңғыртылуда.
Қазіргі уақытта, су шығынын үнемдеу үшін Түркістан магистралды каналы бетондалуда. Бүгінгі таңда барлық шлюздерде суды есепке алатын су өлшегіш рейкалар орнатылған және осы бағыттағы жұмыс толық жүйеленген.
2019 жылы Түркістан аумағына суармалы суды тиімді беру үшін, Үкімет Қаулысымен су объектілері республикалық меншіктен облысқа берілді. Облыстың қарамағына "Бөген" және "Қосқорған" су қоймалары, Түркістан және Арыс магистральды каналдары, сондай-ақ Қараспан магистральды каналы және "Қараспан"гидроторабы өтті.
Жергілікті деңгейде су объектілерін ұтымды пайдалану, Ордабасы, Отырар, Бәйдібек, Сауран аудандары мен Арыс, Кентау қалаларының 80 мың гектарға жуық суармалы жерлерін сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, өткен жылы су объектілерін неғұрлым тиімді басқару үшін, ұзындығы 750 км-ден асатын барлық 161 ішкі канал облыстық меншікке берілді, олар бойынша суармалы су "Түркістан", "Арыс", "Қараспан" магистральдық арналарынан түседі .
Бұл ретте, облыста алғаш рет су беру тәртібін реттеу және суармалы судың ысырабын болдырмау үшін тариф бекітілді, оны бұған дейін шаруалар шарадан тыс жұмсаған. Нәтижесінде, фермерлер арасында суармалы суды тек қажеттілікке сәйкес бөлу тәртібі енгізілді. Магистральдық арналардан шығатын жалпы 157 шаруашылықаралық арнаның 100-ден астамы "Тұран су" МКК балансына берілді.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты