Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 28.06.2021
"СУ РЕСУРСТАРЫ МАРКЕТИНГ" ЖШС-ДЕ ӨНДІРІСТІК ПРОЦЕССТЕР ҮШІН ЖАҢА РЕГЛАМЕНТТЕР ДАЙЫНДАЛУДА
Географиялық ақпараттық жүйені (ГАЖ) пайдалану, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің операторларына кең перспективалар ашады. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де бірнеше жыл бойы ГАЖ ақпараттық базасын толтыру бойынша жұмыс істеп келеді, сонымен қатар, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық өнімдерді қолданудағы еуропалық әріптестердің тәжірибесі мұқият зерделенді. Бүгінде атқарылған қажырлы жұмыс өз жемісін бере бастады.
Кәсіпорында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде жұмыс істеу бойынша, жаңа алгоритмдер мен регламенттер әзірленіп, ішінара енгізілді. Жаңашылдықты әзірлеушілердің бірі, "Smart-Maman" оқу орталығының басшысы Нұриддин Жарболов Қазақстанда мұндай регламенттер әлі жоқ, ал Ресей Федерациясында олар қысқартылған түрде пайдаланылатынын атап өтті.
"Біз жөндеу-қалпына келтіру, авариялық-қалпына келтіру және жоспарлы-алдын алу жұмыстары бойынша алгоритмдерді ұсынамыз. Еуропалық серіктестердің тәжірибесіне сүйене отырып, біз өз өнімімізді әзірледік. Жобаны жүзеге асыру үшін, біз мамандарды дайындадық. Регламенттер мен ақпаратты енгізу тәртібі бекітілді, олар ішінара жұмыс істеп тұр және өндірістік қызметтер тарапынан сынақтан өткізілуде", - деді Жарболов мырза.
Жаңа алгоритмдерді енгізу және цифрлық технологияларды кеңінен қолдану өндірістік процестерді едәуір жеңілдетуі, уақытты, еңбек пен энергия шығындарын үнемдеуі, сапалы талдау жұмыстарын жүргізуі және алынған мәліметтерге сүйене отырып, төтенше жағдайлардың алдын алып, суды жоғалтуды азайтуы керек.
Жаңа регламенттер кәсіпорын қызметіне тартылған барлық қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталған. Олардың арқасында, бөлімдердің өзара іс-қимылы ашық болады, өйткені барлық қажетті деректер бір ақпараттық базада сақталады.
Тұтастай алғанда, жаңа енгізілімдерді енгізу "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің Шымкент қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің әрбір тұтынушысы үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың басты мақсатына қол жеткізуде іске асырылуы тиіс.
барлық дауыс: 5536
дауыс мұрағаты