Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 29.06.2021
ЕҚҚДБ НЕСИЕЛЕРІ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ МЕН СУ БҰРУҒА ПАЙДАЛЫ БОЛУДА
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жұмыс істейтін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың жалғыз операторы болып табылады. Кәсіпорын басшылығы Еуропалық қайта құру және даму банкісімен алғашқы келісімге 2009 жылы қол қойды. Осы ынтымақтасқан жылдар ішінде, қаржы ұйымы кәсіпорынға 57 миллион еуро (15,4 млрд. теңге) несие берді. Қаражат толығымен игеріліп, несие келісімінің шарттарын Тараптар сапалы және уақтылы жүргізуде.
ЕҚҚДБ ыстық климатты қалалардағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне ерекше назар аударады. Қарыз қаражаттары бірнеше бағытқа жіберілген болатын. Сумен жабдықтау желісіне автоматты бақылау жүйесін енгізу жүзеге асырылды, 171,5 км су тарату желісінің құбырлары ауыстырылды, 12 сорғы станциясында энергиямен жабдықтау жақсарды, 11 электр қосалқы станциясы қайта құрылды. Ағынды суларды тазарту қондырғыларында биогаз өндіретін зауыт салынды, ол ЕО стандарттарына толықтай сәйкес келеді. Атмосфераға жыл сайынғы көмірқышқыл газының шығарындылары шамамен 2000 тоннаға жуық төмендеді.
Жалпы, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС миллионға жуық адамдарды тұрмыстық-ауыз сумен қамтамасыз етеді.
барлық дауыс: 5075
дауыс мұрағаты