Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 29.06.2021
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАНДАРЫНДАҒЫ СУДЫҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ
Батыс Қазақстан облысының аудандарында судың жетіспеушілігі болуда.
Соңғы жылдары Сырым ауданының тұрғындары су тапшылығын сезінуде. Лимандар құрғап кетті. Фермерлер жергілікті өзендерде малдарын суарарып келеді. Бірақ ондағы су деңгейі төмендей беруде. Мәселе Шалқар көлінің таяздығында болуы мүмкін.
Бес жыл бұрын Шоланқаты өзеніне шлюз орнатылып, 6 миллион текше метрге дейін суды ұстай алды. Қордағы суды ауыл тұрғындары және Тоғанас пен Аңқаты ауылдарының 15-ке жуық шаруашылығы пайдалануда. Гидротехникалық құрылысты қалпына келтіруге 103 млн теңге бөлінді. Жүргізілген жұмыстардың арқасында, жергілікті тұрғындар көкөніс бақшаларын және мал суаруға, сондай-ақ үй шаруашылығының басқа қажеттіліктері үшін пайдалануға мүмкіндік алады. Бұл ретте аудандағы лимандардың ауданы 30 мың гектарды құрайды. Алайда, олардың ішінде ылғал аз.
Лимандар Қособа, Бұлан, Бұлдырты, Жетікөл ауылдық округтерінде де бар. Алайда онда су жоқ. Ауданда бөгеттер бар. Бірақ олардың көпшілігі жөндеуді қажет етеді. Су объектілерін кезең – кезеңмен қалпына келтіру жоспарда бар. Жылдан-жылға су азаюда, сондықтан, бұл мәселені шешу қажет. Жайылымдарды суландыру және құдықтар қазу бағдарламалары бойынша, ауданда 150-ден астам фермерлерге қаржылық қолдау көрсетілді. Дегенмен, тиімдірек әдістер қажет. Егер жағдай өзгермесе, ауыл шаруашылығының жойылып кету қаупі бар, дейді ауыл тұрғындары.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты