Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 30.06.2021
ПАЙДАЛАНУҒА ЖАҢА СУ ТАРАТҚЫШТАР ЕНГІЗІЛДІ
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлері Жібек жолы көшесінде диаметрі 900 миллиметр су таратқыштарды пайдалануға берді. Жаңа желілердің жалпы ұзындығы 2290 қума метрді құрайды.
Магистральдар ескі желілердің ресурстары шегіне жеткен жерлерде салынған. Яғни, бұл жерлерде тұрақты апаттар мен судың ағып кетулері болып отырды, бұл кәсіпорын ұсынатын қызметтердің сапасына әсер етті. 2019 жылы Жібек жолы – Сайрам көшелерінің қиылысынан "Фосфор" ауруханасына дейін екі жаңа су тарту жұмыстары басталды, олар ескі желілерге параллель жүрген болатын. 2020 жылдың соңында жұмыс аяқталды, жаңа құбырды пайдалануға беру үшін камералар мен ысырмаларды орнату басталды.
Жаңа желіге ауысу бойынша, негізгі жұмыстар 2021 жылдың маусым айының басында жүргізілді. Халық судың жаппай өшірілуі туралы алдын-ала ескертілді және 4 маусымға қараған түні жаңа желілерді пайдалануға беру процесі басталды. Айта кету керек, бұл білікті тәсілді қажет ететін өте ауыр жұмыс. Тағы бір маңызды жайт - уақытты шектеу, оны 12-15 сағатта сақтау маңызды болды. Жалпы, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлері қойылған міндетті орындады – жаңа желілер іске қосылды.
2016 жылдан 2020 жылға дейін кәсіпорынмен 143 километрге жуық су құбыры желілері қайта жаңартылды.
барлық дауыс: 5536
дауыс мұрағаты