русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 01.07.2021

ІШКІ ЖЕЛІЛЕР-ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МЕНШІГІ!

Республика даңғылындағы көп қабатты үйдің тұрғындары өте қиын жағдайға тап болды. Ғимарат 1961 жылы салынған және соңғы уақытқа дейін тұрғындардың ешқайсысы оның жағдайы туралы алаңдаған жоқ. Бірақ,ғимараттың коммуналдық желілері өздерін жағымсыз жолмен еске түсірді.
Өткен жылдың соңында дилерлік учаскенің бақылаушылары №28 үйдің ішкі желілерінде судың кетуін тіркей бастады. Ал кейбір тұрғындардың пәтерлерінде бу пайда болды, оның шығу тегі белгісіз болды. Бұл ғимаратта жертөле жоқ, сондықтан коммуникацияларды «су кетуді іздегіштің» көмегімен іздеуге тура келді. Ал құдықтың подъезде бетонмен жабылғаны белгілі болды.
Ішкі желілерді зерттеу барысында су құбыры, кәріз және жылу желілерінің тозу деңгейі өте жоғары екенін көрсетті. Міне осы себеп будың пайда болуы мен судың жоғалуына себеп болып отыр. Бұл өз кезегінде көп қабатты үйдің шөгуіне әкелуі мүмкін.
Мәселені шешу үшін, дилерлік учаскенің басшысы үй тұрғындарымен кездесті. Үйдегі судың үлкен шығыны мәселесін тек бір жолмен шешуге болады – ішкі желілерді толығымен ауыстырып, оларды жаңарту.
"Егер біз үйдің желілеріне жаңарту жүргізбесек, апатты жағдайға айналуы мүмкін екенін тұрғындардың басым бөлігі түсінеді. Бірақ бәрі бірдей келісе бермейді", - деді үй тұрғыны Кристина.
Тұрғындардың пікірі екіге бөлінді, біреу ақша төлегісі келмейді, ал екіншісі су есептегіштерін подъезге шығарғысы келмейді, ал мердігер ұйым төлемдерді 12 бөлікке бөліп төлеуге болатынына кепілдік беріп отыр. Дегенмен, №28 үй тұрғындарының 80 пайыздан астамы қайта жөндеуге келісім берді. Ал, кәріз және жылу желілерін ауыстыру мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Абай әкімдігінің өкілі адамдарға шұғыл түрде мүлік иелерінің қоғамын ұйымдастыруды ұсынды, бұл ұзақ мерзімді жоспарлауды жүзеге асыруға және ортақ мүлікті күтіп ұстау мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Шымкентте осындай жағдайға ұқсас үйлер өте көп. Көп қабатты үйлердің тұрғындары тек өз пәтерлері туралы ғана ойлап қоймай, ішкі желілердің ескіріп кетуіне байланысты үй шөксе немесе басқа да төтенше жағдайлар болса, онда бәрі зардап шегетінін түсінулеріңізге кеңес береміз.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары