Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.07.2021
Журналистермен кездесу.
Қазақстан Су шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директоры Анарбек Орман БАҚ өкілдерімен кездесті. Кәсіпорын басшысы журналистерге серіктестіктің сумен жабдықтау және су бұру саласындағы атқарылған жұмыстары, жетістіктері мен проблемалары туралы айтып берді.
"Біздің кәсіпорын осы салада 23 жыл жұмыс істейді. Көрсетілетін қызметтердің сапасы барлық қажетті талаптар мен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. 2009 жылы біз Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі тарапынан 15 миллиард теңге көлемінде инвестиция тарттық. Бұл қаражат өндірістік қуаттарды, энергетикалық және сорғы жабдықтарын жаңартуға бағытталды, біз мыңдаған шақырым тозған су құбыры мен кәріз желілерін алмастырдық. Атқарылған жұмыстардың арқасында Шымкент тұрғындары үздіксіз сапалы ауыз су алады". - деді журналистерге Анарбек Орман.
Сонымен қатар, қала тұрғындарының өсуімен проблемалар да байқалады. Мысалы, кәріздік ағынды сулардың ұлғаюы. Қазіргі уақытта қаланың тазарту қондырғыларының қуаты жеткіліксіз.
"Бастапқыда кәріз-тазарту құрылыстарының кешені тәулігіне 100 мың текше метр сарқынды суды өңдеуге есептелген болатын. Содан кейін біз тағы 50 мың "текше" қуаттылықты іске қостық, бірақ бұл жеткіліксіз. Тәулігіне 50 мың текше метрге қосымша қуаттар салу қажет". - деді "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директоры.
Жалпы кәсіпорын табысты дамуда, жаңа технологиялар енгізілуде және көрсетілетін қызметтердің сапасы артуда. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі БАҚ үшін әрдайым ашық және кез келген сұрақтарға жауап беруге дайын.
барлық дауыс: 5075
дауыс мұрағаты