русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 15.07.2021

Санитарлық-қорғау жолағын бұзу ерекше бақылауда

           Қайтпас-1 шағын ауданында, Ақбаев көшесінде санитарлық-қорғау жолағының көптеген бұзушылықтары анықталды. Бұл көше бойымен диаметрі 700 миллиметрлік магистральды су құбыры өтеді, сондықтан ЖМП талаптарын сақтаудың өмірлік маңызы бар. Шынында да, апат болған жағдайда ғимараттарға ғана емес, адамдарға да зақым келуі мүмкін.
           "2020 жылы тексеруші-шеберлер Ақбаев көшесіндегі санитарлық-қорғау жолағының көптеген бұзушылықтарын анықтады. Материалдар "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің заң бөліміне тапсырылды, біз өз тарапымыздан учаске иелерімен әңгіме өткіздік, содан кейін көше тұрғындарының кәсіпорын басшылығымен кездесуі ұйымдастырылды. Нәтижесінде, тараптар ЖМП жерлерін бастапқы күйіне келтіру қажет деген келісімге келді" - деп "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС заң бөлімінің бас маманы Дінмұхаммед Оңғар хабарлады.
           Көше тұрғындары мәселені шешуге жауапкершілікпен қарады. Басым көпшілігі жұмысты аяқтады. Кәсіпорынның заңгерлері меншік иесі бұзушылықты мойындап, оны ерікті түрде жөндеуге дайын болған жағдайда, сотқа дейін жеткізбей, жөндеу жұмысын уақытша кейінге қалдыруға дайын екенін айтады. Күрделі ғимараттар салғысы келетіндерге заңгерлерде ұсыныстар бар.
"Құрылысты бастамай тұрып меншік иесі учаскенің инженерлік инфрақұрылымымен,сонымен қатар "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС желілерінің түспегеніне көз жеткізуі қажет. Егер мұндай фактілер бар болса, болашақта ешқандай проблемалар туындамауы үшін желілердің иелерімен байланысып, құрылыс бойынша келісім жасауы қажет. Өйткені, учаске иесі құрылыстың заңдылығын сақтауға міндетті"-деп Дінмұхаммед Оңғар ұсынды.
           Сонымен қатар, санитарлық-қорғау жолағының бұзылуы және учаске иелерінің сотқа дейінгі реттеуден бас тартуы анықталған жағдайда, мұндай материалдар сот инстанцияларына мәселені мәжбүрлеу тәртібімен шешуге берілетін болады.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары