Жаңалық - Микс
новость от 18.07.2021
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘНШІ "СЛАВЯНДЫҚ БАЗАР" БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ
Қазақстандық әнші Рухия Байдукенова Витебскіде өткен "Славян базары" халықаралық өнер фестивалінің Гран-приін жеңіп алды. Финал қызу тартыста өтті. Байқаудың басты марапатын біздің отандасымызға қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыстады. Бірінші орынды серб әншісі Ирина Арсениевич алды. Айта кетейік, ән байқауының қазылар алқасында Димаш Құдайберген де болды.
Рухия Талдықорғанда дүниеге келген. Вокалмен ерте жастан айналысқан. Өз әндері Қазақстан радиосының "Алтын қорына" енгізілген. Қазір бойжеткен Қазақ ұлттық өнер университетінде "Эстрадалық вокал" мамандығы бойынша білім алуда. Рухия 5 октавалық дауыстық диапазонға ие. Қазақстандық орындаушылар "Славян базарында" үнемі жүлделі орындарға ие болып келеді.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты