Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 21.07.2021
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ-АҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН ҚАЛАЙ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
Зейнетақы төлемдерін үйден шықпай-ақ ресімдеуге болады.
Жасы бойынша зейнетақы тағайындауға, өтінішті онлайн Egov.kz. порталы арқылы беруге болады. Порталдағы жеке кабинетке бекіту үшін, құжаттарды электрондық форматта алдын ала сканерлеңіз. Сіз үшін тіркелген құжаттар әрдайым қолжетімді болады және қажет болған жағдайда оларды кез келген уақытта ұсына аласыз.
Egov.kz арқылы зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін:
- Egov.kz порталда ЭЦҚ көмегімен авторлану қажет
- "Сервистер" бөлімінде "электрондық өтініштер" санатын таңдап, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" деген жазуды басасыз
- Өтініш жасайсыз, содан кейін деректерді толтырасыз
- "Мемлекеттік қызметтің атауы" бағанында "Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау" тармағын таңдаңыз
- "Алушы" бағанында сіздің тұратын жеріңізге байланысты "Үкіметтің азаматтарға арналған" өңірлік филиалын таңдайсыз
- Қажетті сканерленген құжаттарды тіркеп, ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қоясыз. Қызмет мәртебесі сіздің жеке кабинетіңізде көрсетілетін болады.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш зейнеткерлік жасқа толғанға дейін, 10 күн бұрын беріледі.
Азаматтарды алдын-ала брондау арқылы қабылдайтын ХҚКО-ларда да өтініш беруге болады. Сұрақтар туындаған жағдайда, сіз бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша хабарласа аласыз.
барлық дауыс: 5662
дауыс мұрағаты