Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 25.07.2021
«СУ РЕСУРСТАРЫ МАРКЕТИНГІ» ЖШС-ДЕГІ "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де "Nur Otan" партиясы "Оңтүстік су" филиалының кезектен тыс LIII конференциясы өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды: "Оңтүстік су" филиалының төрағасын сайлау және филиалдың Саяси кеңесіне өзгерістер енгізу.
"Оңтүстік су" филиалының төрағасы ретінде "Cу ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директорының орынбасары Абзал Зейнетаевтың кандидатурасы ұсынылды. Ол өзін "Nur Otan" партиясының белсенді мүшесі ретінде танытып, өзін сумен жабдықтау және су бұру саласында нағыз кәсіби маман ретінде көрсетті. Конференция делегаттары оның кандидатурасына бірауыздан дауыс берді.
Кадрлық өзгерістерге байланысты, "Оңтүстік су" филиалынан бірнеше партия мүшелері Саяси бюродан шығып, орнына басқа кандидаттар сайланды.
Конференция жұмысына "Nur Otan" партиясы Шымкент филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева қатысты.
"Оңтүстік су" филиалына үш бастауыш партия ұйымы кіреді, мүшелерінің саны мыңнан асады. Көпшілігі қырық жасқа толмаған жастар.
барлық дауыс: 5075
дауыс мұрағаты