Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 25.07.2021
ТӘЖІКСТАН ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ҮЛКЕН КӨЛЕМДЕ СУ ӨТКІЗЕТІН БОЛАДЫ
Тәжікстан 2021 жылғы 24 шілдеден бастап, "Бахри Точик" су қоймасынан Қазақстан үшін, көлемдерден тыс секундына 50 текше метр шығынмен қосымша су өткізуді жүзеге асыра бастайды.
Бұған дейін, Тәжікстан маусымнан тамызға дейін, "Бахри Точик" су қоймасынан қосымша 315 миллион текше метр су жеткізуге келіскен болатын. Бұл Түркістан және Қызылорда облыстарының қажеттіліктері үшін, Сырдария өзені бассейніндегі су шаруашылығының күрделі жағдайына байланысты жасалуда. Қазақстан өз кезегінде Тәжікстанға "Бахри Точик" су қоймасының қосымша жұмыс істеуінің салдарынан қиындықтар туындаған жағдайда материалдық-техникалық қолдау көрсетуге міндеттенді.
барлық дауыс: 5541
дауыс мұрағаты