Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 28.07.2021
МИНИСТР М.МЫРЗАҒАЛИЕВ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ ЖӨНІНДЕГІ ТӨРТІНШІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
27 шілде Душанбе қ. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев Климаттың өзгеруі жөніндегі төртінші Орталық Азия конференциясының жұмысына қатысты.
Конференция барысында Орталық Азия елдерінің табиғатты қорғау ведомстволарының басшылары климаттық тәуекелдерді бағалау, климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын жоспарлау және осалдық, климаттық қаржыландыру және т.б. мәселелерін талқылады.
Министр Қазақстан Республикасында орналасқан климат бойынша Орталық Азияның өңірлік хабын құруды ұсынды, оның қызметі жобаларды іске асыру, технологиялар трансферті және білім алмасу арқылы өңірдегі «жасыл» өсу мәселелерін шешуге бағытталуы мүмкін еді.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты