Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 28.07.2021
"СУ РЕСУРСТАРЫ МАРКЕТИНГ" ЖШС ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ
Көптеген жылдар бойы сумен жабдықтау желілерін қайта құру үшін, мердігер ұйымдарды таңдау кезінде заманауи техниканың болуын қамтитын талаптар қойылады. Біздің тапсырыстарымыздың орындаушылары көлденең бағытталған бұрғылау әдісін (КББ орнату) кеңінен қолданады, ол асфальт-бетон жабынын бұзбай құбырларды төсеуді көздейді. Осы әдіс арқасында автомобиль жолдарын жауып, көлік ағындарын қайта бағыттаудың қажеті жоқ. Бұл әдіспен тағы бір маңыздысы еңбек шығындарын азайтады, яғни жобаның жалпы құны төмендейді. Желілерді жөндеу және ауыстыру кезінде жоғары сапалы Шеврон полиэтилендік құбырлар пайдаланылады.
Сонымен қатар, біздің кәсіпорында еуропалық стандартты құдықсыз ысырмалар мен құдықсыз өрт гидранттарын енгізу басталды, яғни гидранттар жер бетінде орналасқан, бұл өрт болған жағдайда, оларға қол жеткізу уақытын тездетеді. Су таратқыштарда вантуздар кеңінен қолданылады, бұл құрылғылар су соққыларының алдын алуға мүмкіндік береді және сәйкесінше құбырдың жұмыс мерзімін арттырады. Желілердегі қысымды оңтайландыру және реттеу үшін, су таратқыштарда суды есепке алудың ең жаңа аспаптарымен жарақталған қысым реттегіштері орнатылған. Олар су шығындары туралы мәліметті "Су ресурстары-Маркетинг «ЖШС» базасына тікелей беріп отырады", - деді, кәсіпорынның күрделі құрылыс бөлім бастығы Бұлан Тұрлыбеков.
Биылғы жылы Өнеркәсіптік және жеке су есептегіш құралдарына арналған арнайы жерасты камераларының құрылысы басталды. Яғни, қалада су өлшегіштер үшін, бірден бірнеше арнайы жерлерге орнатылған орындар болады. Енді олар біртіндеп жер астына өтеді. Қыс айлары кезінде су өлшегіш құралдары суыққа қатпайды, сонымен қатар, қаланың сыртқы эстетикалық келбеті жақсарады.
барлық дауыс: 5075
дауыс мұрағаты