Жаңалық - Микс
новость от 29.07.2021
ҚҰС ТҰМАУЫНЫҢ ӨРШУІ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ТАҒЫ ДА ҚАУІП ТӨНДІРЕДІ
Құс тұмауының өршуі Солтүстік Қазақстан облысына қауіп төндіруі мүмкін. Қазір вирус Ресейдің көрші аймағында өршіп тұр. Карантинге ең жақын елді мекен - шекарадан 30 шақырым жерде орналасқан.
Осыған байланысты, өңірдің ветеринарлық қызметі республика аумағына құс тұмауының түсуінен қорғау шараларын күшейтті.
Қазірдің өзінде 550 мың бас құсқа вакцина егілді. Вакцинаның 620 мыңнан астам дозасының түсуін күтілуде.
Өткен жылы аурудан облыста бір жарым миллион тонна құс басы қырылған болатын.
Ресей Федерациясының көрші облыстарындағы күрделі эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, біздің аймақты осы инфекцияның енуінен қорғау бойынша, күшейтілген іс-шаралар қабылдануда. Сондықтан, ветеринарлық инспекторлар тәулік бойы бекеттерде жұмыс істеуде, олар мал шаруашылығының, оның ішінде, құс өнімдерінің экспортын/импортын тікелей бақылайды.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты