Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 29.07.2021
«СУ РЕСУРСТАРЫ - МАРКЕТИНГ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
30 шілдеде "Cу ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директоры Анарбек Орман 2021 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша халық алдында есеп берді. Есеп Zoom платформасында көрсетілді, конференцияға қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері, сондай-ақ көше және үй комитеттері қатысты.
2021 жылдың алғашқы алты айында кәсіпорын Шымкент тұрғындарын сапалы ауыз сумен және су бұрумен үздіксіз қамтамасыз етіп, штаттық режимде жұмыс істеді. Су құбыры және кәріз жүйелерін, ғимараттар мен құрылыстарды қайта құру және ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаға сәйкес жаңа технологиялық және энергетикалық жабдықтар енгізілді. Шығын сомасы 1 миллиард 673 миллион теңге. Сонымен қатар, күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, кәсіпорынның табысы жоспарланғаннан төмен болды.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директоры пайдалануға берілетін жаңа нысандар туралы, Шымкенттегі су құбыры мен кәріз желілерін ауыстыру жұмыстары және Көмешбұлақ су құбыры құрылысының аяқталуы туралы айтып берді. Сумен жабдықтау жүйелерін цифрландыру, таратушы құрылғылар мен шығын өлшегіштерді, басқа да жабдықтарды біртіндеп енгізу тақырыбы қозғалды.
Кәсіпорын ұжымының бұрынғы міндеттері - ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру, "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде тұтынушылармен өзара байланысты жақсарту, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозу дәрежесін азайту. Есеп соңында, Анарбек Орман конференция қатысушыларының сұрақтарына жауап берді.
барлық дауыс: 5075
дауыс мұрағаты