Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 02.08.2021
ЖЕЛІЛЕРДІ ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
2021 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес, жалпы ұзындығы 12,5 км су құбыры желілерінің 26 объектісін және жалпы ұзындығы 2,1 км кәріз желілерінің 2 объектісін реконструкциялау көзделген.
Еңбекші ауданында 2020 жылы Аймауытов, Елшібек батыр, Алдияров, Желтоқсан, Жанқожа батыр, Иляев, т. б. көшелерінде басталған өтпелі нысандарды қоса алғанда, жыл соңына дейін 9 нысан пайдалануға беріледі.
Әл-Фараби ауданы бойынша, 2020 жылы Адырбеков, Диваев, Түркістан, Дулати және т. б. көшелерінде басталған өтпелі нысандарды қоса алғанда, жыл соңына дейін 9 нысанды пайдалануға беру көзделген.
Абай ауданы бойынша, жыл соңына дейін Абай даңғылы, Рысқұлов, Қалдаяқов, Гагарин, Байтұлы баба көшелері бойынша 8 нысан пайдалануға беріледі.
Абай ауданының кәріз желілері бойынша, жыл соңына дейін Тургенов, Сеченов, Алпысбаев көшелері және Литейный өткелі бойынша 2 нысанды пайдалануға беру көзделген.
Егер осы көшелердің тұрғындарында жүргізілетін жұмыстардың сапасына қатысты қандай да бір наразылықтар болса, "Су ресурстары-Маркетинг"ЖШС-не жүгіну қажет.
"Бірінші кезекте мердігер ұйымның өкілдеріне тікелей қоңырау шалуға болады. Әрбір нысанда компанияның байланыс деректері көрсетілген паспорт бар. Сондай-ақ, сіз Фейсбук және Instagram әлеуметтік желілері арқылы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не хабарласа аласыз. Сонымен қатар, маған тікелей – күрделі құрылыс бөлімінің бастығына, яғни, 87011667166 нөміріне қоңырау шала аласыз" – деп мәлімдеді, "Су ресурстары-Маркетинг "ЖШС күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Бұлан Тұрлыбеков.
барлық дауыс: 5075
дауыс мұрағаты