Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 04.08.2021
ШЫМКЕНТТЕ 3 МАГИСТРАЛДЫ СУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 магистралды ауыз су құбырының құрылысы қарқынды жүруде.
Жалпы ұзындығы 11,37 шақырымды құрайтын «Көмешбұлақ» нысанының құрылысы 2020 жылы басталған болатын. Қазіргі уақытта 8,3 шақырым құбыр орнатылып, құрылыс жұмыстарының 75 пайызы аяқталды. Нысан құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, ұзындығы 13,6 және 11,76 шақырымды құрайтын ауыз су құбырларының құрылысы да биыл аяқталып, жыл соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Аталған 3 магистралды су құбырының құрылысы аяқталса Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алаптары толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты