Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 05.08.2021
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚАРАМАҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТАҢҒЫ БЕСТЕ ТҰРУҒА ШАҚЫРДЫ
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қарамағындағы қызметкерлерді таңғы беске тұруға шақырды.
Апта сайынғы аппараттық жиналыс кезінде аймақ басшысы көшеттердің күтімін бақылайтын шенеуніктердің жұмысын қатты сынға алды. Ол ағаштардың өсуіне алаңдаушылық білдіріп, жауаптыларды көшеттерге күтім жасаудың маңыздылығын ұмытпауға шақырды. Бүгінгі таңда Түркістанда 55 саябақ пен сквер бар.
"Таңертең 5-те тұрып, жұмыс киімін киіп, барлық нысандарды аралап шығу керек. Әр аудан өз секторына жауап берсін. Көшет отырғызудан бастап, түбін мезгіл-мезгіл босатып, суару керек. Суаруды қажет ететін жасыл кеңістіктер алыстан көрінеді. Егер біз суармасақ, арналар не үшін қажет?"- деді облыс әкімі.
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты