русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 08.08.2021

ВАКЦИНАЦИЯЛАУ, ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯМЕН КҮРЕСТЕГІ БАСҚА ДА ШАРАЛАР

Демалыс күндері "Cу ресурстары-Маркетинг" ЖШС басқармасының ғимаратында ауқымды дезинфекция жүргізілді. Елде кроновирустық инфекция ауруларының өсуі байқалған сәтте, қызметкерлер мен келушілердің санитариялық қауіпсіздігі үшін қажеттінің бәрін жасау қажет.
"Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес аясында "Су ресурстары-Маркетинг " ЖШС-де дезинфекция жүргізілді. Бұл процедура апта сайын, арнайы демалыс күндері, басқармаға келген қызметкерлер мен қала тұрғындарына қолайсыздық туғызбау үшін жүргізіледі", - деп хабарлады әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы Болат Шегебаев.
Дезинфекция, COVID-19-мен күресудің бір ғана шарасы. Тағы бір басты шара – кәсіпорын қызметкерлерін вакцинациялау. Қызметкерлердің бірінші бөлігі, бұл жалпы санының 45 пайызы, 2021 жылдың сәуірінде вакцинацияланды. Тамыз айына дейін, кәсіпорынның барлық қызметкерлері процедурадан өтті.
Келушілерге қойылатын талаптар әлі де жоғары, бұл маска кию, санитарлық қашықтықты сақтау және қолға антисептикті қолдану.
Карантиндік шаралардың қатаңдатылуына байланысты, кәсіпорын басқармасында "Ашық" бағдарламасы жұмыс істей бастады. Енді мамандардың қабылдауына кіру үшін, келушілерге QR-кодты сканерлеу қажет, олардың ішінен тек көк және жасыл мәртебесі бар адамдарға рұқсат беріледі .
Сонымен қатар, кейбір жағдайларда, сумен жабдықтауға және су бұруға байланысты мәселелердің бір бөлігін қашықтан шешуге болатындығын еске саламыз. Мысалы, бұл есептеу және төлеу мәселелеріне қатысты. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы хабарласа аласыз, сондай-ақ whatsapp +77057581111 жаза аласыз.
Осылайша, кәсіпорын осы қиын кезеңде өз қызметкерлерінің және бақылаушыларының қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды қабылдады. Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулылары талаптарының сақталуына бақылау жүзеге асырылуда.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары