Жаңалық - Микс
новость от 10.08.2021
15 ТАМЫЗДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРЕДІ
Жеке тұлғаларды бір МСАК ұйымына бекіту, жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша жүзеге асырылады. Алдыңғы медициналық ұйымнан есептен шығару автоматты түрде жүргізіледі делінген, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 шілдедегі бұйрығында.
Тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелу үшін, электрондық үкімет порталында "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" мемлекеттік қызметін пайдалану қажет. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді медициналық ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырған сәттен бастап, бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салу МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін, екі сағат бұрын қабылданады. Бекіту туралы хабарлама немесе бас тарту туралы электрондық құжат "Жеке кабинетке" келеді.
Бұйрық 2021 жылғы 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты