Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 11.08.2021
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ҚАЗЫЛҒАН ТРАНШЕЯЛАРДА ТАСБАҚАЛАР ҚЫРЫЛУДА
Түркістан облысындағы жер учаскелерін қоршау үшін, заңсыз қазылған траншеяларда тасбақалар өлуде. Қазақстандық биоалуантүрлілік қауымдастығының сарапшылары осылай дейді. Үкіметтік емес ұйымның белсенділері арықтар мен басқа да терең құрылыстардың қауіптілігін дәлелдеуге тырысуда. Қоғамшылдар мәселенің ауқымын бағалауға экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандарын тартуды көздеп отыр. 2019 жылы ашылған ферманың маңындағы траншея үш жүз бауырымен жорғалаушылар үшін қауіпті тұзаққа айналуы мүмкін еді, бірақ тасбақалардың көпшілігі құтқарылған болатын. Осы жылдың мамыр айында қауіпті экологиялық жағдай тағы қайталануда.
барлық дауыс: 5168
дауыс мұрағаты