Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 11.08.2021
ИЗРАИЛЬ, АЗАМАТТАРЫН СУДЫ ҮНЕМДЕУГЕ ШАҚЫРУДА
Ауыл шаруашылығын құртып жіберген 10 жылдық құрғақшылық, суды үнемдеу және тұщыландыру технологиясының бұрын-соңды болмаған өркендеуіне әкелді.
Тұщыландыру тұрғысынан Израиль әлемде бірінші орында. Су Израильдың қалалық су арнасы басқаратын жалпы жүйеге енеді. Оның басты міндеті – суды барлық жерге жеткілікті етіп тарату. Негізгі мәселе – судың ағып кетуі. Израиль бұл мәселені бірінші болып шешті және бүгінде шығындар 3 пайыздан аспайды. Енді суды үнемдеу, құрылыс кезіндегі стандарт болып табылады, әр кранға саптама немесе қысым реттегіші қойылады, бұл қарапайым металл тор. Ол ауа көпіршіктерімен қанықтырады да су 2-2,5 есе аз жұмсалады. Осылайша, үнемдеу айына жүздеген литрге жетуі мүмкін.
Суды тұщыландыру бойынша ірі зауыттар іске қосылды. Израиль алдағы онжылдықта тұзсыздандырылған суға толығымен көшуді жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығында тамшылатып суару белсенді түрде жүзеге асырылады, әр ағаш немесе бұта қанша қажет болса, сонша су алады. Израиль-Таяу Шығыстағы бұлақтары болмаса да, су проблемалары жоқ жалғыз ел.
Әр тамшы есептеледі - мемлекеттік су компаниясы бастаған әлеуметтік жарнама осылай дейді.
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты