русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 11.08.2021

ЖЕРАСТЫ СУДЫҢ АҒУЫН ЖОЮ

Су құбыры желілеріндегі авариялық жағдайларды жою, күнделікті және тынымсыз еңбек. Туындаған мәселелерді шешу үшін, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС жөндеу қызметтері тәулік бойы кезекшілікте. Апат болған жағдайда, тез және дәл әрекет ету керек. Судың үлкен шығынын болдырмау маңызды, бұл ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Тұрғындарды ұзақ уақыт сусыз қалдырмау маңызды.
"Су құбыры желілеріндегі апаттар туралы хабарламалар бізге Орталық диспетчерлік қызметтен келіп түседі. жөндеу бригадасы оқиға орнына жарты сағат ішінде барады. Тексеру жүргізіледі, қажет болған жағдайда су беру тоқтатылады. Бұл туралы жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын ескертуге тырысамыз, содан кейін жөндеушілер жұмысқа кіріседі. Асфальтталған жабын алынып тасталынып, қазу жұмыстары жүргізіледі, қажет болса су сорылады", - деп, еңбекші аудандық су арнасының басшысы Мұрат Оспанов түсіндірді.
Ең қауіпті және жиі кездесетін төтенше жағдайлардың бірі - жер асты суының ағуы. Ол көбінесе біліне бермейді. Кейбір жағдайларда, мамандар жер асты құбырынан судың ағып кету фактісін, құбырдағы су қысымының төмендеуі немесе кварталдық және көше шығын өлшегіштер арқылы анықтайды. Заманауи технологиялар мұны жасауға мүмкіндік береді. Қазба жұмыстары мен мәселені дәл анықтағаннан кейін, тікелей жөндеу жұмыстары басталады.
"Жөндеу уақыты бірнеше факторларға байланысты, ең бастысы - құбырдың диаметрі және оның жер астындағы тереңдігі. Құбырдың диаметрі неғұрлым кіші болса, соғұрлым тезірек қажетті жөндеу жұмыстарын жүргіземіз", - деді, аудандық су арнасының басшысы.
Жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін, гидравликалық сынақ жүргізіледі, қазба орны көміліп, қиыршық тас төселеді және тегістеледі. Топырақ жайланып, басылғаннан кейін, жеке бригада жол жабынына асфальт төсейді. Осы кезеңнен кейін ғана, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды деп саналады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары