Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.08.2021
СУ ҚАУІПСІЗ БОЛУЫ ҮШІН
Шымкенттіктер тұтынатын суды Ақбай-Қарасу су қабылдағышының терең ұңғымаларынан алады. Бұл гидротехникалық құрылыста 43 ұңғыма бар, әрқайсысы қуатты сорғымен және есептеу құралдарымен жабдықталған. Бұл тиісті қызмет көрсетуді қажет ететін өте күрделі механизм.
Сондықтан, әр ұңғымада тоқсан сайын жоспарлы-алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Олар бірқатар іс-шараларды қамтиды. Бірінші кезекте - су көтергіш құбыр мен сорғыны толық бөлшектеу.
Әрі қарай құбырлар тазаланады және дезинфекцияланады.
Сорғы және барлық түйіндер мұқият тексеріледі. Алғашқы жөндеуге дейінгі сорғы ресурсы 3 мың сағатқа жетеді.
Энергетиктер ұңғыманы және электр желісінің басқару қалқанын қуаттайтын трансформаторды тексереді.
Ұңғыманы жуу жоспарлы алдын-алу жұмыстарының регламентіне де кіреді. Бұл процедура "Эрлифт" арнайы қондырғысының көмегімен жүзеге асырылады.
Профилактикалық жұмыстардың тағы бір кезеңі - "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС зертханасында талдау жүргізу үшін су сынамаларын алу. Санитарлық нормалар мен ережелерге толық сәйкестігі туралы зертханалық қорытындыдан кейін ғана, ұңғымадан алынған су кері пайдалануға жіберіледі. Келесі жоспарлы алдын-алу жұмыстарына дейін.
барлық дауыс: 5075
дауыс мұрағаты