Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 16.08.2021
СІЗ КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН БЕС БЕЛГІ
Қазір коронавирус жұқтыру және тіпті оны білместен ауырып қалу өте оңай.
Пандемияға байланысты, көбісі дәрігерге қаралмайды. Бірақ, оның қандай ауру екенін қалай білуге болады: зиянсыз суық тигізу, тұмау, әлде коронавирус па?
Сіз ковидпен ауырғаныңызды осы бес белгі ақылы біле аласыз:
1. Иіс пен дәмнің жоғалуы. Бұл коронавирустың негізгі белгілерінің бірі. Әрине барлығында кездесе бермейді, сондай-ақ кәдімгі суық тию кезінде де кездесе береді. Бірақ, егер аносмия мен дәмнің болмауы ұзаққа созылса, бұл ковид болуы мүмкін.
2. Шаштың түсуі. Пациенттің сауығу кезінде, кенеттен шаштары түскен жағдайлар болған. Алайда, бұл белгі ковидтің жалғыз белгісі емес.
3. Ентігу. Сондай-ақ, ең жиі кездесетін белгілердің бірі. Ковидті бастан кешірген көптеген адамдар бірнеше ай бойы тыныс алудан зардап шегеді. Бұл өкпенің қабынуымен байланысты. Бүгінгі таңда, бұл вирусты жұқтырғандардың ең тұрақты белгілердің бірі.
4. Тұрақты жөтел. АҚШ-та жүргізілген зерттеу, осы аурумен ауыратын адамдардың 43 пайызында диагноз қойылғаннан кейін шамамен 14-21 күн ішінде құрғақ жөтел сақталғанын анықтады.
5. Шаршау. Американдық медициналық қауымдастықтың зерттеуі вируспен ауыратын барлық адамдардың 53 пайызы диагноз қойылғаннан кейін, кейде 60 күнге дейін қатты шаршайды. Егер, сіз ұзақ уақыт өте әлсіз болғаныңызды байқасаңыз және басқа да белгілер пайда болса, сіз коронавируспен ауырған болуыңыз мүмкін.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты