Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 16.08.2021
СУ ЖЕЛІЛЕРІНДЕ ЖАСЫРЫН АҒЫП КЕТУДІ АНЫҚТАУ
Жерасты су құбыры коммуникацияларында жасырын судың ағып кетулері мен жарылуды анықтау үшін, мобильді зертхана қолданылады. Оның штатында 3 адам бар, бұл мамандардың жабдықтары мен арнайы құрылғылар жиынтығы бар, олардың арқасында сыртқы зерттеулер жүргізіп, жарылу орнын анықтай алады.
Әрбір кварталдық магистральдық желіде есептеу құралдары, су өлшегіштер мен шығын өлшегіштер орнатылған. Олардың көрсеткіштері жеке, жалпы үйлік және жалпы көшелік есептеу құралдарының деректерімен салыстырылады. Егер, айырмашылық пайда болса, онда бір жерде судың ағып кетуі бар деп болжанады. Пайдалану қызметтері күдікті учаскедегі құдықтарды тексереді, судың ағып кетудін тауып, зерттеулер жүргізуге өтінім береді.
"Құдықтар арасындағы құбыр тереңдігін және мүмкін болған судың ағып кетуінің нақты орналасқан жерін мамандар трассаіздегішпен анықтайды. Әрбір құдыққа коррелятор қалташалары орнатылады, құрылғыға қажетті деректер енгізіледі, содан кейін, су құбырындағы судың ағып кету орны бойынша есептеулер жүргізіледі. Коррелятордан басқа, жергілікті шуіздегіш те қолданылады – ол судың ағып кетуінің нақты орнын анықтауға көмектеседі. Әрі қарай пайдалану қызметтерінің қызметкерлері шақырылады, олар жарылуды тікелей жоюмен айналысады", - деді "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметінің 1-санатты инженері Байбек Мұратов.
Жасырын судың ағуларын анықтау бойынша мобильді зертхананы қолдану, артық энергия шығынын болдырмауға мүмкіндік береді, өйткені қазу жұмыстары нүктелі жүргізіледі. Егер, жасырын жер асты судың ағып кетулері уақытында анықталмаса, онда олар өте ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Жұмыстар күн сайын, әзірленген кесте бойынша жүргізіледі. Диагностика бөлімінде жұмыс істейтін мамандар арнайы оқудан өтіп, сертификаттар алған.
барлық дауыс: 5075
дауыс мұрағаты