Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 23.08.2021
ҚЫСЫМ РЕТТЕГІШІН ОРНАТУ
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бөлімшелері негізгі жоспарлы жөндеу жұмыстарын түнгі уақытта жүргізеді. Молдағұлова көшесінде Әл-Фараби су арнасы қызметкерлерінің күшімен жаңа қысым реттегіші орнатылды. Ол үшін жақын маңдағы бірнеше үйде су өшіріліп, содан кейін магистральдық су құбырына кесу жұмыстары жүргізілді. Қысым реттегіші жүйеде судың қажетті қысымын екі режимде ұстауға мүмкіндік береді: түнгі және күндізгі. Компания өз қызметінде осы заманауи құрылғыларды кеңінен қолданады.
"Қысымды реттеуші – итальяндық өндіріс, яғни оның сапасы өте жоғары және оны ұзақ уақыт қолдануға болады. Жұмыстарды жүргізу алдын, біз тұрғындарды судың өшірілетіні туралы хабардар етеміз және әлеуметтік желілерде ақпаратты жариялаймыз. Тұтынушыларға қолайсыздық туғызбау үшін түнде жұмыс істейміз, өйткені әдетте бұл уақытта бәрі ұйықтап демалады және су аз пайдаланылады", - деді Әл-Фараби аудандық су арнасының басшысы Серғазы Көшенов.
Шымкентте су құбыры жүйесінің тозуы 50%-дан сәл төмен, қаланы үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-да ең озық технологиялар қолданылады.
барлық дауыс: 5075
дауыс мұрағаты