Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 23.08.2021
БАДАМ-САЙРАМ СУ ҚАБЫЛДАҒЫШЫ
Шымкентке ауыз судың негізгі бөлігін Ақбай-Қарасу су қабылдағышынан жеткізеді. Бұл қала тұрғындары тұтынатын судың жалпы көлемінің шамамен 80% құрайды. Шымкент қаласының оңтүстік бөлігін Бадам-Сайрам су қабылдағышы қамтамасыз етеді. Бұл гидротехникалық құрылыста 23 жерасты ұңғымалары және екінші көтеру станциясы бар, ол жүктеме жоғарылаған уақытта жүйеде қажетті қысымды ұстап тұрады. Көлемі 6 мың текше метр ауыз су жинағыш та бар.
"Бадам-Сайрам су қабылдағышы Сәуле, Қазығұрт, Құрсай массивтерін, 21-ші және "Қысқа" шағын аудандарды, Гагарин көшесін Қызылжар кентіне дейін ауыз сумен қамтамасыз етеді", - деді "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметінің басшысы Арман Болатбеков.
Ақбай-Қарасу және Бадам-Сайрам су қабылдағыштарынан басқа тағы үш су қабылдағыш құрылыстары резервте тұр.
барлық дауыс: 5075
дауыс мұрағаты