русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Аймақ жаңалықтары

новость от 24.08.2021

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА «К-19» КАНАЛЫНА СУ СОРҒЫШ ОРНАТЫЛУДА

1957 жылы салынған канал 4200 гектар жерге 4 м3/сек ағын су таратады. Достық магистралды каналы арқылы су көзін алатын К-19 каналының ұзындығы 11,93 км-ді құрайды. Канал толығымен монолитті темірбетонмен қапталған. Меншік иесі – «Қазсушар» РМК.
К-19 каналы жоғары орналасуына байланысты, егістік алқаптарын суғаруға қажетті су көлемі жетіспей келген. Мамандар дизельдік су сорғыштардың жарамсыздығын анықтады және тез арада электрлі су сорғыш қондырғысын орнатып, электр энергиясымен қамтамасыз ету қажет деп танылды. Мәселені шешу үшін, каналға қуаттылығы 0,8 м3/сек 4 дана электрлі су сорғышын орнату керек болды.
Кейіннен, электрлі сорғыш орнатуға 1,6 гектар жер телімі бөлініп, «Қазсушар» РМК ТФ тарапынан мемлекеттік акт алынған. Бүгінгі таңда, «Қазсушар» РМК ТФ қуаттылығы 0,5 м3/сек 2 дана электрлі су сорғыштарын орнату жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, К-19 каналына ағын суды жеткізіп беруге d=500 мм құбырлар тартылуда.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары