Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 30.08.2021
"СУ РЕСУРСТАРЫ - МАРКЕТИНГ" ЖШС МЕКТЕПКЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Жаңа оқу жылы басталар алдында №28 орта мектепте мәселе анықталды. Жертөледе су желісінде судың ағып кетуі анықталды. Су құбыры шұғыл ауыстыруды қажет етті. Мәселені шешу үшін оқу орнының басшылығы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігіне жүгінді. Өтінішке жедел жауап қайтарылды, Еңбекші аудандық су арнасының қызметкерлері кешенді жұмыс жүргізіп, құбырды ауыстырылды. Барлық жұмыстар сумен жабдықтау ұйымы есебінен жүргізілді.
"Мәселе анықталғаннан кейін, біз «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің Бас директорына көмек сұрап хат жолдадық. Біз кәсіпорынның тез жауап беріп, мәселені шешкені үшін өте ризамыз. Жұмыстар тез және сапалы жүргізілді. Рахмет тағы да!",- деді, кәсіпорын қызметкерлеріне №28 орта мектеп директорының орынбасары Зәуре Садықова.
барлық дауыс: 5536
дауыс мұрағаты