Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 30.08.2021
М.МЫРЗАҒАЛИЕВ ҮНДІСТАННЫҢ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ ТРИПАТИ ШУБДАРШИНИДІ ҚАБЫЛДАДЫ
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Трипати Шубдаршинимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Т.Шубдаршини Үндістан тарапы экологиялық мәселелерді шешудегі Қазақстанның тәжірибесін зерттеп жатқанын айтты. Алдағы уақытта сумен жабдықтау саласын цифрландыру, климаттың өзгеруі мен балық шаруашылығы аласында тәжірибе алмасуға қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты жандандыру мақсатында тараптар жоғарыда аталған салаларда өзара іс-қимылды егжей-тегжейлі пысықтауға келісті.
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты