Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 01.09.2021
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘРІЗ ҚҰДЫҒЫНДА ЖҰМЫСШЫ ҚАЗА ТАПТЫ
Қайғылы оқиға Тараздан 28 шақырым жердегі Аса ауылында орын алды. Үш жұмысшы кәріз құдығын тазартуға аттанды. Коммуналдық қызметкерлердің бірі қорғаныс жабдығынсыз 4 метр тереңдікке түскен. Жұмысшылар құдыққа түспестен алдын суды арнайы техника-ассенизатордың көмегімен сорып алу керек еді. Люкке бірінші түскен Қалдыбек Базиев есін жоғалта бастаған сәтте әріптестері оған көмектесуге асыққан. Коммуналдық қызметкер сол жерде қайтыс болды, өлімнің себебі газбен улану. Оның екі әріптесі шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Марқұмның әйелі мен үш баласы қалды. Кәсіпорын басшылығы қайтыс болған қызметкердің отбасына жан-жақты көмек көрсететініне уәде берді.
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты