русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 01.09.2021

Р.СКЛЯР НЕМІС КОМПАНИЯЛАРЫМЕН ҚОРШААҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр неміс компанияларының басшыларымен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Кездесу тақырыбы қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары саласындағы екіжақты экономикалық жобалар болды.
Неміс тарапынан Германия экономикасының Шығыс комитетінің төрағасы Оливер Гермес және Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Бергер Мигель қатысты.
Онлайн-кездесуге Siemens, BASF, Henkel AG & Co. KgaA, WILO SE, LLP C. Spaarmann, Becker Mining Europe GmbH, Svevind Energy GmbH, Robert Bosch сияқты 100-ге жуық жетекші неміс компаниялары қатысты.
Өз сөзінде Роман Скляр өнеркәсіптік өндіріс, машина жасау, энергетика, жаңартылатын энергия көздері және т.б. салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріндегі табысты ынтымақтастықты атап өтті, сондай-ақ қазақстандық тараптың экология және табиғи ресурстар мәселелері бойынша ынтымақтастықты жолға қоюға дайын екендігін білдірді.
Неміс компаниялары климаттың өзгеруіне қарсы күрес, қалдықтарды жою, Арал теңізінің құрғауына байланысты экологиялық апатпен күресу, сондай-ақ ауыз сумен қамтамасыз ету секілді салаларда ынтымақтастық орнатуға шақырылды.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары